Көш көрікті болсын

Былтыр Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан және Шымкент қаласынан Тобыл өңіріне 814 адам көшіп келсе, оның 195-і Рудный қаласына орналастырылды.КӨШІ ҚОН
Жұмыспен қамту орталығының директоры Жасұлан Мұқановтың айтуынша, мемлекет тарапынан қолға алынған ауқымды бағдарлама кеншілер қаласының еңбек нарығын нығайтуда, кадр тапшылығын жоюда, тұрғылықты халықты көбейтуде өз нәтижесін беріп келеді.
– Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Рудныйға қоныс аударған 938 (оның 743-і оралман) адамның әрқайсысына 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде демеуқаржы төленді. Бұл мақсатқа 83 186 мың теңге жұмсалды. Сонымен қатар тұрғын үйді жалға алу, коммуналдық төлемдерді өтеу бойынша 527 адам мемлекет көмегіне жүгініп, 162 972 мың теңге құрайтын шығынның орны толтырылды, – дейді Жасұлан Балғабайұлы.
Кеншілер қаласында жаңа өмірді бастағандардың басым бөлігі бүгінде баспаналы болып, «екі қолына бір күрек» тапқан.
– Біз Тараз қаласынан былтыр жазда көшіп келдік. Өзім он жылдан бері математика пәнінің мұғалімімін, алайда күйеуім тұрақты, табысы жақсы жұмыс табу қиын болды. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама арқылы Рудныйға көшіп келдік. Қазір мен №13 мектепке, ал жұбайым «ССКӨБ» АҚ «Соколов» шахтасына жұмысқа орналасты. Екі балам мектепке барады. Осылайша жаңа мекенге үйренісіп жатырмыз, – дейді Анар Жүнісова.
Айта кетейік, еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден тұрғындарды тарту биыл да жалғасын тауып, Тобыл өңіріне 850 адам көшіп келеді деп жоспарланып отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓