Жүкті әйел жапа шекті

Қостанайда жүкті әйел автобуста қабырғасын сындырып алды. 
Оқиға 12 шілдеде болған. Дания Даниярова №8 бағыттағы автобусқа мінген. Жазатайым оқиғадан ол Қостанай қалалық ауруханасының травмотология пунктінен бір-ақ шығады.  Сол күні жүктіліктің жетінші айындағы әйел жоспарлы түрде дәрігерге қаралуға бара жатқан. Автобус тиісті аялдамаға тоқтар кезде қыз орнынан тұрмақ болады. Зардап шеккен келіншектің айтуынша, автобус жүргізушісі үнемі үлкен жылдамдықпен жүріп, қайта-қайта дереу тоқтаумен болған. Тағы бір тоқтаған сәтте қыз құлап қалады. 
"Автобуста отырған жолаушылардың ешқайсысы көмектеспеді. Жүргізуші айнаға қарап отырса да, көмектеспек түгіл кешірім де сұраған жоқ. Қатты ауырсынып, дым да дей алмадым. Баламның амандығын тілеумен ғана болдым", – деді ол. 
Ал ауруханада оған "Кеуде қуысының зақымы және оныншы қабырғасының сынуы" диагнозын айтқан. Абырой болғанда баланың жағдайы жақсы екен. 
"Жүргізушінің кешірім де сұрамағаны қынжылтады, жағдайым мүшкіл болуы мүмкін еді ғой. Оны іздемедім де, енді автобуспен жүруден қаймығып қалдым", – дейді зардап шеккен келіншек. 
Данияның айтуынша, дәрігерлер оған жүктілігіне байланысты ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек бермеген, сондықтан ауыртпалыққа шыдап жүруге тура келген.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓