Өлім себебі анықталды
Қарабалық ауданында жоғалып кетіп, өлі табылған 26 жастағы қыздың қазасының себебі белгілі болды.
Марқұм Галина Галкина 3 қараша күні кешкілік жұмыс орнынан шығып кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. 6 күннен кейін оның мәйіті айдаладан табылған еді. Облыстық ПД баспасөз қызметі оның өлімінің себебі анықталғанын хабарлады.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, қыз медикаметоздан уланып қаза тапқан, – деді баспасөз қызметіндегілер.
Қарабалық ауданының тұрғыны «Қазпочта» АҚ аудандық филиалында жұмыс істеген.