Заңнама мәселелері талқыланды
Облыс орталығындағы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудың басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысына еліміздің және Ресейдің жоғары оқу орындарының ғалым-профессорлары, оқытушылары, жергілікті атқару органдарының, департамент және басқармалардың өкілдері, мамандары қатысты.

Пленарлық отырысты академияның бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі М.Қызылов кіріспе сөзбен ашты. Сол секілді отырыста «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау департаменті директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің хатшысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент С. Галиев, Ресей ЖОФҚ Воронеж институтының азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, ішкі қызмет подполковнигі Ю.Помогалова, Ресей ЖОФҚ Академиясы (Рязань қ.) қылмыстық-атқару жүйесі қызметін ұйымдастыру және басқару кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, ішкі қызмет полковнигі А.Долинин, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессоры С.Қолдыбаев, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Б.Тойлыбаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы А.Скаков, Қостанай облыстық сотының судьясы, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты В. Шакун сөз сөйледі.




Гүлназым САҒИТОВА