Жүргізушісіз лимузин қарияны басып кетті

Оқиға 17 шілдеде облыс орталығының Карбышев көшесінде болды. Бұл туралы куәгерлер alau.kz сайтына хабарлаған.
Олардың айтуынша, аталған көшедегі автотұрақтардың бірінде жүргізушісіз лимузин зейнеткерді басып кеткен. Қария оқиға орнында тіл тартпай кетеді. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады. 
"Көлік астына түсіп қаза тапқан 74 жастағы қостанайлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Медициналық және автотехникалық сараптама құрылды",- деп хабарлайды ведомство. 
Белгілі болғандай, марқұм сол автотұрақта күзетші болып жұмыс істеген. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓