Дәрігерлер айлығы 50 пайызға өспек

Мемлекеттік қызметкерлердің төлем жүйесі олардың еңбекақыларын 50 пайызға өсіруі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаримова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.    врачОның айтуынша, қазіргі кезде екі негізгі бөлімнен тұратын жаңа төлем жүйесі енгізіліп жатыр: дағдылы және ауыспалы.
"Негізгісі – қызмет бойынша. Яғни қызмет деңгейі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға қандай үлес қосатындығына байланысты болады. Егер бұрын еңбек өтілі мен категориясы ескерілетін болса, жаңа жүйе бойынша қызметкер қандай үлес қосып жатқанына және қалай қызмет ететіндігін ескереді", – дейді Шаримова үкіметтегі брифинг барысында. 
Сонымен бірге, жаңа жүйенің екінші бөлігі қосымша ақы төлеу тұсын қарастырады.  Қосымша ақы төлеу қызметкердің ісін тоқсан сайынғы бағалауға байланысты болады. Оның жылдық еңбегінің нәтижесі қосымша ақы төлеуге әсер етеді.  Қосымша төлемді нәтиже көрсететін үздік қызметкерлер ғана алатын болады. 
"Бағалау бойынша қызметкерлердің төрт санаты ескеріледі: "үздік", "нәтижелі", "қанағаттандырарлық" және "нәтижелі емес". Қосымша төлемді тек "үздік" және "нәтижелілер" алатын болады", – дейді Шаримова. – Келесі жылы пилоттық түрде үш органның үлгісінде жүргіземіз. Барлық кемшілігі мен артықшылығын көрген соң ғана Қазақстан бойынша енгіземіз. Алдын ала өлшем бойынша еңбекақы 50 пайызға өседі. Бұл – алдын ала болжам ғана", – дейді Шаримова. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓