Қызды екі мәрте қағып өткен

Облыстық ІІД баспасөз қызметі Затобол ауылында 16 шілдеде болған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алау.кз.
Оқиға 16 шілдеде 01:30-да Затобол ауылындағы кафелердің бірінің маңында болған. 
"33 жастағы "Газель" жүргізушісі 25 жастағы қызды қағып кеткен. Осының салдарынан қыз бала әр түрлі дене жарақатын алған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалды", – деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 
Сот медициналық сараптама тағайындалған.  Еске салайық, Қостанай қалалық ауруханасына қыз бала ауыр халде түскен. Ол комада болды. Оны алып келген адамдардың айтуынша, "Газель" жүргізушісі қызды екі рет қағып өткен. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓