Қыстың қамы
Облыс орталығындағы бірқатар көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жоспар бойынша қала ішіндегі елу шақырымдық жол жөнделуі тиіс. Оған қазынадан 5 млрд теңге бөлінген.

Мәселен, Қостанайдағы Майлин, Лермонтов, Карбышев, Набережный, Абай көшелеріндегі жөндеу жұмыстары қыза түскен. Мұндағы барлық инженерлік-коммуникациялық желілерді ауыстырып, тас жолдарды тақтайдай етіп қайта тегістеу үшін 1,4 млрд теңге жұмсалмақ.

Мердігерлер өздеріне бекітілген құрылыс нысандарының сапасына аса мән беріп отыр.
Лермонтов көшесі бойындағы құрылыс жұмыстары сәуір айында басталған. Мамандар барлық жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтады.


Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай