Жерлестер жеңіске жетті

28-31 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа қатысқан Қостанай облысының құрама командасы түрлі дәрежедегі  5 медаль жеңіп алды. Мәселен Алена Волковицкая 500 метрге сырғанаудан үшінші орын алса, 1000 метрде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.  Ал қыздар эстафетасында Қадиша Бақыткереева, Әлия Әмірғалиева, Алена Волковицкая,Әсел Таййшыманова және Анастасия Астраханцевалар  3000 метрлік қашықтықта «алтыннан» алқа тағынды. Микс-эстафетада Глеб Ивченко, Әлия Әмірғалиева, Вадим Садовников, Қадиша Бақыткереева, Әлихан Бұрымбай, Алена Волковицкая, Қуандық Сүлейменов және Әсел Тайшымановалар 2000 метрлік сында «күміс» медальді еншіледі. Сондай-ақ, ерлер командасы 5000 метрлік сайыста «қола» жүлдеге ілікті. Спортшыларды ел біріншілігіне Николай Федоренко, Илья  Афанасьев,Илья Коробейников, Анатолий Галечкин және Александр Митрофанов дайындады. Біз барлық қостанайлық жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз!

Айта кетейік, бұл біріншілік 2021-2022 маусымындағы қорытынды чемпионат.

Әлібек Ыбырай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓