Жалған полицейлерге үкім кесілді
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Іс материалдары бойынша, Ерзат Халықов есімді 37 жастағы затоболдық 2016 жылдың басында қылмыстық топ құрып, соны басқарған. Оның құрамына екі белсенді атқарушы топ болған. Қылмыс жасау барысында олар өзге де тұлғаларды өздерінің ортасына тартқан.

"Жедел алдын алу тобының мүшелері өздерінің әрекеттерін "Нашақорлыққа қарсы" еріктілері қозғалысының қызметі аясында бүркемелеп келген. Өздерін есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері ретінде таныстырып, фото, аудио және бейнетаспалар пайдаланып, азаматтарға заңсыз есірткі саудасына қатысы барын, сол үшін "тұтқындалғандарын" айтқан. Ізінше темір тордан арашалайтындарын айып, олардан ақша талап еткен", – делінеді үкім мәтінінде.
2016 жылдың сәуірі мен қыркүйек айлары аралығында бұл топ өкілдері тәртіп сақшыларының атын жамылып, 7 рет бопсалаушылық әрекет жасаған.
Сот барлығын да қылмысқа айыпты деп тапты.
Халықов 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Кузнецов 3 жыл 6 ай мерзімге, Касьяненко 5 жыл, Жақыпов 3 жыл, 6 ай, Дизер 5 жыл, Шабойлов 2 жыл, Самаркин 4 жыл мерзімге қамауға алынды. Ал Әшімхановқа 5 жыл шартты мерзім белгіленді.