Жарылыс: жапа шеккендерге жәрдем жасалады
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс салдарынан үйлерінен айрылған төрт отбасымен кездесті. Шаһар басшысы оларға 220 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы 14 қыркүйекке дейін төленетіні айтты. Сондай-ақ,
«Suiikti Qostanai» қоғамдық қоры да оларға қолдау көрсетуге дайын.
"Жәрдемақының сыртында біз құжаттарды қалыпқа келітуге де көмектесеміз. ТКШ бөлімі және еріктілер аумақты тазартуға жәрдем жасайды. Ол жерде тергеу жүргізіліп жатқандықтан, әзірге ол жұмыстар басталмағанын түсінсеңіздер екен",- деді Жүндібаев. Қала әкімінің айтуынша, егер дүкен иесінің кінә дәлелденсе, барлық залалды өтеуге міндеттелуі мүмкін.
Сондай-ақ әкімдік «Suiikti Qostanai» қоғамдық қорымен бірлесіп, жапа шегушілерге және қаза тапқан адамдардың отбасына көмектесу үшін арнайы есепшот ашылғаны мәлім болды.
Жеке тұлғалар оларға
«Kaspi.kz» қосымшасындағы"Төлемдер — Қайырымдылық" бөлімі арқылы немесе «SUIIKTI QOSTANAI» Қоғамдық қоры" деп іздеп, жәрдемдесе алады.
Ал заңды тұлғаларға арналған реквизиттер:
«Suiikti Qostanai» ҚҚ
БИН 190540005263
ИИК КZ418562203116578105
БИК KCJBKZKX
Кбе 17 «БанкЦентрКредит» АҚ
ҚР, Қостанай қ, Әл-Фараби, 90.