Марат Қайбжанов: “Жаңа заң – заман талабымен үндес”

Елімізде "Прокуратура туралы" жаңа заң күшіне еніп отыр. Бұл құқықтық құжат қадағалаушы саланың қызмет өрісін кеңейтумен қатар, азаматтардың прокуратура органдарына деген сенімін күшейте түсері анық. Біз бүгін қабылданған жаңа заңның барлық тетіктерімен оқырманды таныс ету мақсатында Қостанай облысының прокуроры, 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Қайбжановпен өткен сұхбатты ұсынбақпыз.
 – Марат Жолмағамбетұлы, алдымен қояр сауалымыз – аталған жаңа заңды қабылдау қажеттілігінің қандай себептері болғанын айтып берсеңіз. кайбжанов– 2017 жылдың 10 наурызында "ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы" Заңына қол қой-ған сәттен бастап прокуратура органдарының құзіреттілігіне қатысты талқылау-лар толастаған емес. Мемлекет тәуелсіз-дігінің қалыптасу кезеңінде мемлекеттік органдар орындауға тиісті функциялардың көбі прокуратураға жүктелген. Прокуратура өзінің бастамасымен кейбір құзереттіліктерден бас тартқандықтан, жаңа "Прокуратура туралы" Заң қабылдау қажеттілігі туындады. Бұның барлығы халық үшін маңызды мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлу үшін атқарылды. Елі-міздің Бас Прокуроры прокуратура туралы заңнамаға жаңа өзгерістер енгізу қажет-тілігін Парламент алдында өзі ұсынды.
– Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қадағалау аса жауапты міндет екені рас. Жаңа заңда осы жағына қандай да бір артықшылықтар берілген бе?  
– Мемлекеттік емес меншік формасындағы мекемелерді қадағалауды тек Мемлекет Басшысының және Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүзеге асырамыз. Облыс прокуроры, қала және аудан прокурорлары төмендегідей жағдайларда мемлекеттік органдар қызметіне тексеріс тағайындап, өткізуге құқылы:
Біріншіден, егер азамат өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайда болса. Бұл топқа жетім және мүгедек балалар, 1, 2 топтағы мүгедектер, өзін қорғауға қабілетсіз жандар кіреді;
Екіншіден, жалпылай азаматтардың құқықтары бұзылғанда. Ол құқықтары бұзылған адамдарды алдын ала есептеу және жеке анықтау мүмкін емес немесе қиын болған жағдайлар. Мысалы, АӨК-де субсидиялау заңдылығы, монополистердің тарифтері немесе үлескерлер;
Үшіншіден, адамның өмірі мен денсаулығына немесе мемлекет қауіпсіздігіне түзетілмес зиян келтірілу қаупі бар болса. Мысалы, облыстағы су тасқынына байланысты жағдай, қоршаған ортаны заңсыз ластау және т.с.с.
– Бұдан былай прокуратураның азаматтар тарапынан түскен өтініштерін қарау тәртібінде өзгерістер бола ма?
– Азаматтарды қабылдау тәртібі түбегейлі өзгерді. Енді прокурор қарастыратын арыздардың үш түрі белгіленіп отыр. Өздерін қорғай алмайтын арызданушылар; жалпылай азаматтардың құқықтары; және адамның өмірі мен денсаулығына немесе мемлекет қауіпсіздігіне түзетілмес зиян келтірілудің алдын алу үшін қажет болған жағдайда. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша кез келген арыз-шағымдар қараусыз қалмайды.
Бұрын прокуратура барлық өтініштерді қабылдап, оларды қарастырып келді. Азаматтар мен заңды тұлғалар кез келген сұрақ бойынша прокуратураға "бір терезе" арқылы арыз беруге үйреніп қалған. Оның бәрі басы артық тексерістердің туындауына әкеп соқтырды, мемлекеттік органдар мен арызданушылар арасында хат алмасулар көбейді. Прокуратураға жүктеме тым көп болды да, ең маңызды мәселелерді шешу үшін ресурстар жетіспеді. Енді арыздарды өкілеттілігіне қарай мемлекеттік органдар қарастыратын болады. Олардың шешімдерімен келіспеген жағдайда азамат сотқа немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға жүгінуге құқылы.
Айта кетерлік жағдай, мемлекеттік органдар арыздарды қабылдап, қарастырудың сапалылығын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл мәселеде біз көмек көрсетуге, кеңестер беруге әзірміз.
– Ал жаңа заң бойынша жоғарыдан қадағалау қалай жүзеге асырылмақ?
– Жаңа қадағалауды үш саты бойынша жүзеге асыратын боламыз – тексерістер, талдау және құқықтық актілерді бағалау. Тексерістер жөнінде жоғарыда айтып кеттім. Талдау процесі – статистиканы, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың мәліметтерін, бұқаралық ақпарат құралдарының, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істердің материалдарын және басқа да ақпарат көздерін зерттеу. Бүгінгі таңда заманауи технологияларды меңгеріп енгізудеміз – құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйелерімен интеграциялан-ған әртүрлі ақпараттық жүйелер мен ресурстар. Оның барлығы сәйкес заңнамалық актілермен және Бас Прокурордың актілерімен реттеледі.
Талдау нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау немесе ықпал ету актілері енгізіледі.
Жаңа заңда прокурор актілерінің жүйесі түзетіліп отыр. Яғни, алдымен олар азайды, егер бұрын 11 болса, қазір 9 ғана (ескерту  мен  ұйғарым алынып тасталды). Екіншіден, актілер екі топқа бөлінді – қадағалау актілері және ықпал ету актілері.
Олардың айырмашылығы неде? Қадағалау актілері – ұсыныс, наразылық, санкция, нұсқау және қаулы. Ықпал ету актілері – өтінішхат, арыз, өтініш, заңды түсін-діру. Бұлардың айырмашылығы, қадағалау актілерінің орындалуы міндетті, ал ықпал ету актілері ұсыныс сипатына ие.
Заңды түсіндірудің мазмұны елеулі түрде өзгертілді. Бұрын біз бұл актіні мемлекеттік органдарға заңның кейбір нормаларын қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін енгізетінбіз. Ал қазір қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен, сонымен қатар, дайындалып жатқан құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы мәлімет болған жағдайда.
– Бұдан былай прокурорлардың сот процестеріне қатысуы жағынан қандай айрықша жаңашылдықтар бар?
– Бұрын прокурорлар азаматтық процесте көптеген істерге қатысып кел-ді. Оның ішінде еңбекақыны даулау, шығынды  және  денсаулыққа келген зиянды өндірту, үйден шығару, бала асырап алу, күштеп емдеуге жіберу, өзін қорғауға қабілетсіз деп тану, із-түссіз жоғалған деп тану туралы және т.б. Яғни, бұлардың барлығы мемлекет мүддесіне қатысы жоқ дауларға жатқызылады. Енді Жаңа Заң қабылданысымен жаппай қатысудан бас тартамыз. Бұдан былай тек мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қор-ғауға және өзін қорғауға қабілетсіз азаматтардың дауына араласатын боламыз. Ондай істердің санаттары жаңа Азаматтық-процестік кодексте және Бас Прокурордың бұйрығында анықталатын болады.
Тағы бір айта кететін жайт, әкімшілік өндірісте кассациялық қайта қарау тәр-тібі де түбегейлі өзгерді. Бұрын Жоғарғы Сот әкімшілік істерді тек Бас Прокурордың наразылығы бойынша қарастырып келді. Енді азаматтардың өздері Жоғарғы Сотқа жүгіне алады.
– Сот актілерінің орындалуы – қоғам үшін де, азаматтар үшін де маңызды мәселе. Бұл саладағы бетбұрыстарға да тоқталсаңыз.
– Жаңа Заңда атқару өндірісіндегі қадағалаудың шегі нақты белгіленген. Қазіргі уақытта өндіріп алудың негізгі бөлігі жеке сот орындаушыларының өкілеттігінде. Атқару парағын қай жеке сот орындаушысына беруді азаматтар өздері шешеді және онымен келісім  жасайды. Сондықтан, атқару өндірісіне жаппай қадағалау жасалмайды. Басты назарда мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау тұрады.
Жұмыстың барлығы тексерістер мен талдау жасаудың жалпы талаптарына негізделетін болады. Сондықтан, прокурор үш жағдайда араласады:
1) денсаулық, психикалық және басқа жағдайларына байланысты өз құқықтарын қорғай алмайтын адамдардың құқықтары бұзылса;
2) жалпылай азаматтардың құқықтары бұзылса;
3) тұлғаларға, қоғамға және мемлекетке қатысты, егер ол адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне түзетілмес зиян келтірілудің алдын алу үшін қажет болса.
Алдыңғы қатарға сот бақылауы шығады. Сот орындаушысының іс-әрекетін даулайтын болсаң, сотқа бар. Сот орындаушысын сот бұзушылықтарды жоюға, шешімін, сауданы жоюға және т.б. сот міндеттейді. Мемлекеттік айыптауды қолдау бұрынғыдай барлық қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылады, жеке айыптау істерінен басқа. Сот актісімен келіспеген жағдайда прокурор үкімді жою немесе өзгерту туралы апелляциялық өтініш жасауға құқылы.
– Бас Прокурор Мәжілісте сөйлеген сөзінде "біз қылмыстық процестерде көп боламыз" деген еді. Яғни, мұны да мемлекеттің қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігі деп түсінуіміз қажет қой?
– Бұл бағыт қадағалау қызметінің басты бағыты болып белгіленді, себебі қылмыстық процесте азаматтың құқықтарының бұзылуы оған ең қатты зиян келтіреді.
Біздің бірінші мақсатымыз – процесуалдық прокурор институтын кеңейту, ол бізді қылмыстық процестің жаңа үлгісіне барынша жақындатады. Маусым айынан бастап облысымызда процессуалды прокурорлар ауыр және аса ауыр істердің барлығы бойынша қадағалауды қамтамасыз етеді. Осы ұстанымдарды бекітіп, одан әрі кеңейтеміз.
Екіншіден, материалдың Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелуінен бастап заңдылығын қамтамасыз ету. Егер қылмыстық қудалау үшін негіз жоқ болса, іс үш күннен кешіктірмей жабылуға тиісті. Жылдың екінші тоқсанында осындай мерзім ішінде 40%, бірінші тоқсанында – 15% тоқтатылды. Мұндай нәтиже азаматтардың прокуратура органдарына арыздану санын 24%-ға төмендетті.
Үшіншіден, қылмыстық процестің оңтайландырылуы, оны жылдам және қарапайым ету. Маусым айында біз бастама жобаны іске асырдық және анық қылмыстар бойынша істердің 80%-ы 10 тәулік ішінде сотқа жіберілді.
Бұдан бөлек, кезекші прокурор институты одан әрі дамитын болады. Яғни, прокурор қылмыстық қудалау органының ғимаратында отырып-ақ, сол жердегі түрлі түйткілдер мен бұзушылықтарды жоятын болады. Атап айтсақ, былтырдан бастап облысымызда Ведомствоаралық азаптауға қарсы жоспар жүзеге асырылуда. 2016 жылы азаптауға байланысты арыздар саны 50%-ға, ал биылғы жылы 60%-ға азайды. Әкімдіктердің көмегімен барлық қалалар мен аудандарда ашық тергеу кабинеттерін жасаймыз, ол мәселені толық жоюға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Төртіншіден, электронды қылмыстық істі енгізу. Процесті  цифрландыру оны ашық, жедел, манипуляция мен жалғандықтан аулақ етеді.
Бесіншіден, қылмыстылықпен күресуді үйлестіру мәселесі прокурорларда қалады. Өзара байланысты орнату тәжірибесі бізде бар. Ұрлыққа қарсы күреске баса назар аударылмақ.  2014-2016 жылдары облыстың жалпы қылмыстылығы 21%-ға, ал биыл 26%-ға төмендегенін айта кету керек.
Мен елеулі өзгерістерге ұшыраған қадағалау салаларына ғана тоқталып өттім. Жоғарыда айтылғаннан басқа, прокурорлар (бұрынғыдай) жергілікті өкілетті және атқарушы органдар актілерінің заңдылығына, жазаның орындалуы мен мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге жолдарының қолдану заңдылығына, халықаралық келісім-шарттардың орындалуына, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы заңдылыққа қадағалау жасайды. 
Айтқанымды қорытындылай келе, Бас Прокурордың Парламент мәжілісінде айтылған сөздерімен аяқтағым келеді: "Өкілеттігіміздің бір бөлігінен біз өзіміз бас тарттық. Осының барлығы адамдардың мүддесі үшін. Азаматтардың қорғалуы одан зардап шекпейді".
– Уақыт бөліп әңгімелесіп, жаңа заңның тетіктерін түсіндіргеніңізге алғыс білдіреміз!
Әңгімелескен
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓