Таксишіге қол жұмсалды

Қайғылы жағдай осыдан үш күн бұрын болған. Қостанай таксиінің диспетчерлік қызметі басшысының мәлімдегеніндей, жүргізуші жолаушыларын жол жиегінен мінгізген.такси
Жалпы, бұл такси қызметіне қаладан тыс шығуға тыйым салынған.
-Аптап ыстыққа байланысты қалада тапсырыстар өте көп. Сондықтан біз Қостанайдағы сұранысқа уақытылы үлгеріп отыру үшін облыс орталығынан тыс шығуға тыйым салдық. Дегенмен біздің жүргізуші жол жиегінен клиент алған. GPS арқылы оның қаланы тастап шыққанын көрдік. Көлік жүріп бара жатты. Ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кейін ұялы телефоны мүлдем сөніп қалды. Дереу полицейге хабарладық,-дейді диспетчерлік қызмет басшысы. Мұның айтуынша, соңғы алты жылда мұндай қайғылы жағдай болмаған.
Қылмыскерлер қолынан қаза тапқан 47 жастағы жүргізушінің көпжылдық тәжірибесі болған. Отбасының жалғыз асыраушысы. Артында анасы, әжесі және апа-қарындастары қалды.
Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 және 22 жастағы арқалықтық екі азаматты ұстады. Олар осыған дейін де істі болған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓