Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Бүгін облыстық прокуратурада ашылған арнайы орталық азаматтарды қабылдау және прокуратура органдарының құзыретіне кіретін құқықтық сұрақтарға кеңес беру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, прокуратура басшылығына қабылдауға жазылу, өтініштерді қарау барысы туралы мәлімет беру және жауаптардың көшірмелерін беру қызметтерін көрсетеді.IMG_3556
 
IMG_3513
IMG_3519
IMG_3520Мұнда қадағалаудың ең өзекті бағыттары – сотқа дейінгі тергеу, қылмыстық және азаматтық сот өндірісі бойынша прокурорлардың күнделікті кезекшілігі ұйымдастырылады. Прокурорлар азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, оларға өтініш жазуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл орында азаматтардың дауларын шешіп беретін медиатор қызмет көрсетпек.IMG_3536
 
IMG_3529Орталықтың ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов бұл орын азаматтарға ашық, жедел, ең бастысы заңды қызмет көрсететінін жеткізді. Өңір жетекшісі сондай-ақ алдағы уақытта Қостанай қалалық прокуратурасында құқықтық қызмет көрсету орталығының да ашылатынын айтты.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓