Көпбалалы ананың құқығы қорғалды

К. Саршенова Қостанай қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімінде санитар болып жұмыс істепті. Кәмелетке толмаған төрт баласын бағып-қағып отырған ана сол кездері бесінші перзентке аяғы ауыр болған. Оның үстіне егде жастағы анасы өмірден озып, қабырғасын қайыстырып кеткен шақ. Қол астындағы жұмысшының басындағы қиындықтарға қарамастан, бөлімше меңгерушісі одан өз еркімен жұмыстан шығатыны туралы өтініш жазуды талап етеді. Саршенованың қыларға амалы болмай, лажсыз келіседі.калалык сот
Жапа шегуші өзінің конституциялық құқығының бұзылғанын уақыт өте келе түсінеді. Жалақысынан айырылып, қанатынан қайырылған Саршенова Қостанай қалалық сотына шағым түсірді.
Сот отырысы барысында анықталғандай, жұмыстан шығару туралы «өтініш» 2015 жылдың 4-тамызында жазылған. Еңбек кодексінің талаптарына қайшы әрекет жасалғаны дәлелденді. Заң бойынша, негізсіз жұмыстан босатылған адамға қызметі қайтадан қайтарылуы керек.
Сондықтан шағымданушының талаптарын сот қанағаттандырарлық деп тапты. Жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, Саршенованы бұрынғы қызметіне қайта орналастыру шешімін шығарды. Сондай-ақ, көпбалалы ананың пайдасына, мәжбүрлі түрде қызметсіз өткен уақыттарға шағылып, 229 мың 234 теңге көлемінде еңбекақы өндіріп берілетін болды. Бұған қоса, моральдық залалдың өтемі есебінде 30 мың теңге қосып беріледі.Істі сотқа жеткізбей аяқтады
Ал облыстық сот бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырып, Саршеноваға қарсы жазылған шағымды қанағаттанарлықсыз деп тапты.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓