Жол апаты: адам шығыны бар

Қостанай-Рудный тас жолында төрт көлік: екі жеңіл, екі жүк көліктері соғысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. 
Оқиға күні кеше шамамен сағат 16:40-та Қостанай-Рудный тасжолының 20-шақырымында болды. Майкөл ауылының тұрғыны Audi-80 маркалы автокөлікпен Рудный қаласынан Қостанайға келе жатқан. Тізгінге ие бола алмаған ол қарсы жолға шығып кетіп, Volkswagen Vento автомобилімен соғылысқан. 
Volkswagen тізгінінде Рудный қаласының 36 жастағы тұрғыны мен 45 жастағы жүкті әйел болыпты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi-80 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жарақат алған, ал Volkswagen жүргізушісі мен жолаушысы Қостанай қалалық және облыстық ауруханаларына жеткізілген. 
Жол апаты кезінде тас жолда кетіп бара жатқан Shacman маркалы жүк көлігінің рудныйлық 37 жастағы жүргізуші жол апатын көріп, дереу тежегішті басқан. Сол кезде дәл сондай маркалы жүк көлігіне соғысқан. Соның салдарынан екінші жүк көліктің тізгінінде болған 30 жастағы жүргізуші Рудный қалалық ауруханасында көз жұмды. 
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті сараптаманы тағайындады. Жол апатының себебі анықталып жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓