Оралмандармен ой бөлісті

Рудный қалалық ерікті мүгедектер қоғамы Қашар кентіне қоныстанған оралмандармен кездесу өткізді. Маңызды басқосуға Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеметтік бағдарламалар басқармасы Көші-қон бөлімінің бас маманы Бақыт Қоржынбаева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Гүлмира Ескабулова мен Зульфия Байженова, мүгедектер қоғамының кеңесшісі Марат Пірназаров қатысты.IMG_20170704_150428
Өзара пікірлесу барысында атамекенге оралған қандастарымыздың бүгінгі тұрмыс-тірлігі, өтініш-ұсыныстары ортаға салынды. Сұрақтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы сұранысы жоғары мамандықтарға оқыту, әлеуметтік көмек, шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесі төңірегінде қойылды. Сондай-ақ кездесуде Дүние жүзі қазақтарының Құрылтайында көтерілген мәселелер де жан-жақты талқыға салынды.IMG_20170704_150841
– Қазіргі таңда Қашар кентіне Өзбекстаннан қоныс аударушылар қатары көп. Өйткені, бұл жерде комбинаттың ең маңызды, болашағы зор кеніші бар болғандықтан жұмысқа орналасу мәселесі аса қиындық туғызбайды. Баспананың бағасы да қолжетімді. Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілген осындай кездесулерде қандастарымыз көкейдегі сауалдары мен мәселелерін айтып, тиісті кеңестерін ала алады. Әр кездесуден бір адамға болсын нақты көмегіміз тиіп жатса – мақсатымыздың орындалғаны, – дейді қоғамдық ұйымның жетекшісі Санаш Есжанов.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓