Қазіргі заман қаһармандары

Екі полицейдің кезекшілікте болғанда жанып жатқан үйді көріп, үй иесі әйелді өрттен құтқар-ғаны туралы газетімізде жазылған болатын. Қостанайлық сержанттар осы ерлігімен елге танылды. Жас полицейлер мадақтауға ұсынылып, патриоттық акцияға шақырылды. Талдықорғанда өткен акцияда жас тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, оқушы жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Полицейлерге ішкі істер министрінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.