Қыз баланы көлік қақты

Кеше Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. №23 орта мектептің маңындағы жүргіншілер жолағынан өтпек болған 10 жасар қыз баланы Лада "Гранта" көлігі қағып кеткен. Көлік тізгінінде әйел адам болған. Медициналық сараптамалар нәтижесінде кінәлі азаматшаның алкольдік ішімдіктер ішпегені белгілі болды. Зардап шеккен жеткіншек түрлі дене жарақатымен дереу арада облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 
Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  dtp_8

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓