Мектепке 1 млн теңге сыйлады

Қостанай облысында Приреченск орта мектебінің түлегі Сәуле Шәуенова өзі білім алған мектебіне миллион теңге сыйға тартты, деп хабарлады «Айна» газеті.20170706104926Қомақты сома сертификатын ол түлектер кездесуінде өзінің, отбасының және биыл 85 жасқа толған әкесінің атынан табыс етті.
Сәуле Шәуенова – Қазақстанға ғана емес, шетелге танымал жеңіл өнеркәсіп компаниясы тобының негізін қалаушы және бас директоры. Мектеп ұжымы мұндай көмек ауыл мектебінің көптеген проблемасын шешуге жәрдемдесетінін атап өтіп, оған алғыс білдірді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓