Қар мүсіннің шебері

ҚайратЖыл сайын орталық алаңқайда қардан жасалған мүсіндердің қалашығы пайда болады. Балалардың қиялына жақын түрлі кейіпкерлер қаз-қатар тізіліп сап құрады. Онда не жоқ дерсіз. Аяз ата мен Ақшақардан басталған мүсіндердің барлығы да бар. Түр-түсі келіскен. Өткен-кеткен жанның бәрі де қызықтап, суретке түсіп жатады. Қардан жасалды демесеңіз әдемі мүсіндер қалаға көрік беріп тұрады. Әттең, осынша еңбекпен жасалған дүниенің күн жылынса болғаны, еріп кететіні өкінішті. Оның сыртында еңбекті бағаламай бірнеше күнгі еңбекті бір-ақ күнде жоқ қылып, сындырып кететіндер тағы бар. Бірақ біздің бүгінгі айтпағымыз бұл емес. Біз бүгінгі әңгімеміз  қардан мүсін соғатын Қайрат Шалтенов жайында болмақ.
 Қайрат Шалтенов "Қазақстан Республикасы lшкi iстер министрлігінің Оқу орталығы (Қостанай қаласы) кезекші бөлімінің аға инспекторы. Әскери салада еңбек етіп жүрсе де алған білімі сурет салумен байланысты. Бала кезден сурет салуды ұнататын. Бұл қасиет әкесінен дарыған. Қолының ептілігі сүйсіндірмей қоймайды. Қандай істі алмасын, шеберлікпен орындайды. Суретті де, мүсінді де айнытпай салады. Ал жыл сайын қардан мүсін жасау инспектордың мойнына жүктеліп қойғандай. Және анау-мынау емес, жыл сайын бас жүлде қанжығаларында.
– Негізі сурет факультетін тәмамдағанмын. Мектепте де үш жылдай еңбек еттім. Бірақ басқа салаға ауысып кеттім де, мен үшін бұл тек хобби түрінде қалды. Балаларым мектепте оқыған соң ата-ана ретінде жаңа жыл қарсаңында қызым, ұлым үшін мүсін жасаймын. Мектепке осылайша ата-ана ретінде көмек беремін. Бірде, айдаһар, бірде Шрэк сияқты мұғалімдер мен балалардың қалауы бойынша   кейіпкерлерді айнытпай істеп беремін. Бар керегі қар, су қалақша болса болғаны. Қиялға ерік беріп, өзім де рахаттанып қаламын. Еңбегім бағаланды да, қардан жасалған мүсіндер байқауында орын алып, мектепке осылайша пайдам тиеді, 29_01_2015-21_50_38– деп ағынан жарылды Қайрат.
Қолынан іс келетін адам әр нәрсенің үйлесімін тауып, ойға келе бермейтін дүниелер жасап шығара қоятын әдеті емес пе. Көп жылдар пәтерсіз жүрген Шалтеновтар отбасы баспаналы болып қуанышқа кенелген еді. Армандаған баспана еншісіне тиген күннен Қайратта дамыл болмады. Үйдің ішін танымастай өзгерт-ті. Әр бұрышын өзгеше етіп жасады. Осының арқасында өзін де жаңа қырынан танығандай. Келешекте зейнеткерлікке шығып жатса осы істі бизнеске айналдыру ойда бар.
20141224_151254– Егер қолым босап, зейнеткерлікке шықсам сүйікті ісіммен айналысар едім. Дизайнерлік агенттік ашсам ба деймін. Эскизін жасап, өзім іске асырғым келеді. Мен бастысы сапаға мән берер едім. Жүрдім-бардым істей салу менің қолым емес. Істеген соң әр затты бүге-шігесіне дейін, әдемі істегенді ұнатамын, – дейді ол.
Қайраттай жанды шебер немесе мүсінші деп атауға келе қоймас. Бірақ, оның жасаған қарлы мүсіндерінің басын қосса әрбір жануарлары мен хайуанаттары бір мектептің алдын ертегі әлеміне айналдырып жіберері хақ. Қақаған күннің аязында қардан мүсін жасау, шыдамдылық пен шеберлікті қажет ететін өнер. Және екінің бірі мұндай өнерге тісі бата бермейді.
Кім білген, келешекте қардан емес, балшықтан да мүсін соғатын кез болар. Тірлік қамы кім-кімді де сүйікті ісіне мойынбұр-ғыза бермейтіні бар. Әйтпесе, жан қалауымен істелген істің ерекшелігі анадайдан көрініп, шуақ беріп тұрады емес пе.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
Суретте: Қайрат Шалтенов және оның қар мүсіндері.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓