Ауылда кадрлар неліктен жетіспейді?

Ауылдық жерлерде, әсіресе, Науырзым, Арқалық, Жанкелдин аудандарында арнаулы орта білімді кадрлар жетіспейді. Атап айтқанда, зоотехник, мал дәрігері, инженер, агроном кадрлары. Неліктен жетіспейді? Себебі,  қалада оқу бітіріп келген жас мамандардың ауылдық жерлердегі жалақылары төмен. 30-35 мың теңге көлемінде, ал қыс айларында 20-25 мың теңге. Мұндай жалақымен олар қалай күн көреді, отбасын қалай асырайды?  Рас, нау-қандық жұмыстарда (көктемгі егіс, орақ науқаны) жалақылары жоғарылайды, бірақ бұл жағдайда да жа- лақыны қалай төлеу шаруа қожалықтарының басшыларына тікелей байланысты. Біреулері көп, біреулері аз төлейді дегендей. Тапқан жалақыңның көбін сол қожалықтың дүкенінен жаздырып алған азық-түлікке, киім-кешекке төлейсің. Қожалыққа қашан да тәуелдісің. Шөпті де, жемді де, ағашты да, көмірді де осыдан жаздырып аласың. Сосын есептесе келгенде тіпті қарыздар да болып қаласың.агроном 1
Студент кезінде қалаға үйреніп қалған жастардың көбі ауылға келгісі келмейді. Өйткені, жұмыс істеп жүрген қала жастарынан өзін кем санамайды. Қаланың жайлы, думанды өміріне қызығады. Сондықтан олардың ішінде ауылға қайтатындары шамалы.
Менің өзімнің зерттеуім бойынша, ауылдық жерде жалақы төмен болғандықтан және өздерінің де болашағы жоқ болғандықтан көбісі ішімдікке салынады. Менің мақсатым – ауылды жамандау емес, ауылдың жағдайын білу. Кей ауылдар үлкен холдинг компания-ларға қарайды. Олардың жұмысшылары жалақысы аз болса да, қолына ай сайын уақытылы алып тұрады. Бірақ жұмыстары өте ауыр. Таңның атысынан күннің батысына дейін дамыл жоқ. Тәртіп – қатал. Бір жаққа  шығып келуіңе де мүмкіндік болмайды. Шамалы тәртіп бұзылса, жалақыңнан  айырады не қысқартады. Мұн-дай тәртіпке шыдау да қиын.
Ауылда өз мамандығыңнан тысқары жұмыстарға тұру өте қиын. Өйткені, ондай жұмыстар өте аз. Сондықтан болар, мұндай жұ-мыстарға орналасу да тамыр-таныстық арқылы шеші-леді, ал сенің алған кәсіби мамандығың ешкімді де қызықтырмайды.
Мүмкін менің жазғандарыммен келіспейтіндер болар, онда қарсылық жоқ, өз ой-пікірлерін жазсын.
Б. АНДИРОВ,
Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің оқытушысы.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓