Роберт Евдокимов – “Тобыл” тізгіншісі
Қостанайлық футбол клубының жаңа бас бапкері мен спорт директоры белгілі болды.
«Оренбург» клубының экс-бапкері Роберт Евдокимов енді «Тобыл» тізгінін ұстамақ. Ол футболшы ретінде «Рубин», «Крылья Советов», «Спартак», «Камаз», «Сатурн» сияқты клубтарда ойнады. Кейін «Алнас» клубына ауысып, мансабын аяқтады.
«СОЮЗ-Газпром», «Ижевск», «Камаз» және «Оренбург» командаларын жаттықтырды. Сондай-ақ, «Газовик» клубымен Евдокимов ҰФЛ, содан соң РФПЛ кезеңіне көтерілді. 2017 жылы орынборлықтар бірінші лигада өнер көрсетті.
Айтпақшы,«Тобыл» мен «Оренбург» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде кездескен-ді. Роберт Евдокимов қостанайлық клубпен бірінші ойынын кеше түнде «Ертіске» қарсы өткізді.