1500 қой шопанымен бірге өртеніп кетті
Жанкелдин ауданының Көкалат ауылында қайғылы оқиға болды. 1500 бас қой қойшысымен бірге өртеніп кеткен. Шопан өрт ортасында қалған аша тұяқтыларды құтқарамын деп жүріп шейіт болған. Жергілікті жұрттың әлеуметтік желілерге жариялаған мәліметтерінше, тілсіз жау Торғай жағынан келген. 200-ге жуық бас қана тірі қалған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.Соңғы мәліметтер бойынша, өрттің тұтануына жай оты себепкер болған. Марқұм қойшы – Жаркөл ауылының тұрғыны. Қайрат Ақпанбетов есімді азаматтың малшысы болып жұмыс істеп жүрген. Оның артында 8 баласы қалды…
700 бас қой негізі