Ойыншылар командадан кетті
"Тобылдың" белді ойыншылары командадан кетті. Қостанайлық клуб сапында 4 жыл ойнаған Томаш Шимкович, сондай-ақ Асхат Тағыберген мен Денис Главина клубпен қош айтысты.
Веналық «Аустрия» түлегі Томаш Шимкович «Тобыл» сапына 2014 жылдың ақпан айында келген. Небәрі 7 матчқа қатысты. Оның алтауы ішкі біріншілікте, ал тағы бір ойын кубок бәсекесіне тиесілі.
Хорватиялық легионер Денис Главина «Тобыл» футбол клубымен арадағы еңбек қатынасын бүгін тоқтатты. Загребтік «Динамоның» түлегі Қостанайға Словеняның «Заврч» клубынан келген болатын. Былтырғы маусымда ол 26 матчқа қатысты. Оның 25 ойынында негізгі құрамда шықты. Еншісінде 1 гол және 4 голдық пас бар. Биылғы маусымда 4 матч ойнаған.