Арқалық вокзалы күрделі жөндеуден өтуде
Арқалық қаласындағы темір жол вокзалы ағымдағы жылдың мамыр айынан бері күрделі жөндеуден өтуде. Тапсырыс беруші "Қазақстан теміржолы ҰҚ" АҚ. Салушы "АБК – Неруд" ЖШС. Пайдалануға беру мерзімі алдағы қараша айы.

Қазір темір жол вокзалында қарбалас тірлік қайнап, құрылыс жұмыстары өте қарқынды жүруде. Вокзалдың ішкі – сыртқы құрылыстары, инженерлік жүйелері жаңғыртылуда. Төбесі көтеріліп, шатырланды.
Құрылысшылар құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап шығуға күш салуда.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы