Жәуке батыр ескерткішінің алаңқайы абаттандырылуда
Арқалықтағы Төлек Жәуке батыр ескерткішінің еңсесі биіктей түспек. Бұл күндері ескерткіш жанына қосымша құрылыстар тұрғызылуда. Биіктігі 6,5 метрлік арка бой көтерді. Ираннан әкелінетін ақ мәрмәр тастар жол үстінде.

Мүсінді сомдаған белгілі мүсінші Әбілбек Ұзақов. Демеушісі жергілікті кәсіпкер Хиссамеден Сапарғалиев.
Кәсіпкердің айтуынша бұл жер әлі де абаттандырылып, қуатты жарық көздері орнатылып, тротуарлар жөнделіп, орындықтар қойылатын болады.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы