«Галактика сақшылары» қазақша сөйледі

Облыс орталығындағы «Арман» 3Д кинотеатрында «Болашақ» қауымдастығы және «Нұр Отан» партиясының тікелей мұрындық болуымен «Галактика сақшылары» блокбастері мемлекеттік тілде көрсетілуде.
image-01-08-14-11-53-1Шара партияның  «Жастар-Отанға» жобасының шеңберінде жүзеге асуда.
Бастама аясында осынау фильмнен басқа тағы да екі голливудтық туынды қазақ тіліне тәржімаланып, көрермендердің назарына ұсынылды. Олар: «Жаңа өрмекші – адам: Кернеген қуат», «Малефисента» деп аталады.
2 сағатқа созылатын «Галактика сақшылары» фильмінің алғашқы көрсетіліміне келген қала тұрғындары жақсы әсермен тарқасты.
Ерекше бір тоқтала кетер жәй, «Галактика сақшылары»  21 тамызға дейін жұртшылық назарына ұсынылмақ. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы мен Арман 3Д кинотеатры осы киноны көруге келгендерге арнай жеңілдіктер де қарастыруда.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓