Жолаушылар қауіпсіздігі
Алматы –Екатеринбург халықаралық тас жолының бойында қарабалықтық жеке кәсіпкер Марат Айтказинның бастамасымен кемпинг ашылды. Ерекше нысаның ашылуына жергілікті билік өкілдері қатысты. Кемпингте жайлы қонақ үй нөмірлері мен кеңсе және қоймалар бар. Аталмыш нысанды арнайы күзет тәулік бойы бақылауға алған. Билік өкілдерінің пайымдауынша, арнайы орын жолаушылар қауіпсіздігінің кепілі болмақ.