Шаруалардың берешегі артқан
Облыста. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде “Тобыл” ӘКК Басқармасының басшысы А.Әлиев мәлім етті. Оның айтуынша, облыс бойынша жүзден астам диқан қарыздарынан құтылуға асығар емес. Олардың несиелік берешегі 955,2 млн. теңгені құрап отырған көрінеді. Өз кезегінде бұл корпорацияның жұмысына қиындықтар туғызуда. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін көктемгі және күзгі жиын-терім науқаны кезінде несиелендіру бағдарламасына өзгеріс енгізу қажеттілігін тілге тиек етеді сала мамандары.