Артық қылам деп…

Рудныйлық ломбард клиентін сотқа берем деп, басына бәле тілеп алды.lombard-i-skupka-t-2972552-dengi-pod-zalog-2-5154857
Қостанай облыстық соты Рудныйдағы ломбардтардың бірінің одан қарыз ақшаны өндіру туралы талабы негізінде шығарылған сот шешімімен келіспеген азаматтың шағымы бойынша азаматтық істі қарады.
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарға сүйенсек, В. есімді азамат өткен жылдың 5 желтоқсанында кепілдік қалдыру келісім шарты негізінде ломбардқа ноутбук тапсырып 25 000 теңге несие алған. Азамат қарыз ақшаны уақытында қайтармаған, ал ноутбук ішкі істер органдары тергеп жатқан қылмыстық іс негізінде ломбардтан алынған. Сол себепті кепілдік заттан да, ақшадан да айырылған ЖШС соттың көмегіне жүгінеді.
Істі қараған Рудный қалалық соты азамат В-ны 27 000 теңге мөлшерінде шығынды өтеуге міндеттеді. Облыстық сотта шешім өзгеріссіз қалды. Апелляциялық сатыда істің қаралуы барысында сот алқасы ЖШС кепілдік затты еш құжатсыз, тексерусіз құнын 25 000 теңгеге дейін төмендетіп қабылдағаны қаперге алынды. Осылайша, ЖШС «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңына қайшы әрекет еткен. Кепілдік мүліктің нақты құны 140 000 теңгені құраған, және де полиция қызметкерлері мүлікті алмаған жағдайда ЖШС оны өз қалауымен пайдаланатын еді.
Жауапкер сотта ломбардтың ұрланған заттарды қабылдауы жиі кездесетін жайт болу мүмкін деген болжамын білдіріп, ЖШС-ті тексеру туралы өтінішін білдірді.
Істі қарау нәтижесі бойынша облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Рудный қалалық прокуратурасының атына аталған ломбардта тиісті тексерістер жүргізу үшін жеке қаулы шығарды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓