Жаңа тағайындаулар
Қостанай облысындағы үш бірдей ауданда жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.Науырзым аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қызметіне полиция подполковнигі Орал Баймурзин тағайындалды. Ол бұған дейін осы аудандағы жергілікті полиция қызметін басқарған.
Федоров аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қызметіне Александр Елисеев келді. Ол облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жұмыс істеген болатын.
Қарабалық ішкі істер бөлімінің басшысы болып полиция полковнигі Нұрлан Байқасов тағайындалды. Бұған дейін облыстық ІІД-нің ақпараттық-сараптамалық орталығын басқарды.