Жаңа орталықтың жаңалығы

АстанаданЕнді автокөлік жүргізушілері  көліктерін тіркеу, жүргізуші куәлігі  мен рұқсат құжаттарын еркін, еш кедергісіз алатын болатын.
Айналаңызға қарасаңыз, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, жұртшылықтың бір емес бірнеше көліктері бар екенін байқайсыз. Автокөлік иелерінің уақыты  мен  қаражатын үнемдеу мақсатында еліміздің бес қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылғанды. Сондай орталық келесі, 2015 жылы Қостанай облысында да жұмыс істейтін болады.
Осы мамандандырылған  халыққа қызмет көрсету орталығында  жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралын тіркеу-қайта тіркеу, нөмірлік белгі беру секілді мемлекеттік қызметтер ұсынылады. Сонымен бірге облысымыздың тұрғындары көлік жүргізу құқығына емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алады.
Бизнес-үдерістерді автоматтандырудың арқасында  тұрғындар  кем дегенде 1,5 сағаттың ішінде жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу, техникалық куәлік пен нөмірін алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Келесі  жылы  ашылатын мамандандырылған  халыққа қызмет көрсету орталығында   клиентке барлық жағдай жасалады. Мысалы, орталықта  жол жүру қағидалары бойынша теориялық емтихан тапсыратын сынып, ал, практикалық  емтихан  тапсыруға арналған автодром, тіпті ақысыз автотұрақ болады.  Бақылаудың және автокөлікті басқару дағдыларын бағалаудың электрондық жүйесі емтиханнан өтудің барлық кезеңдерін бекітіп, оның қорытындысы автоматты түрде анықталады. Сонымен бірге автокөлік құралын тіркеу-қайта тіркеу кезінде агрегаттарды салыстыру мамандандырылған орталықтың аумағындағы жеңіл автокөліктер үшін арнайы қарастырылған орында өтеді.
Орталық қызметкерлері рәсімдеуге қажетті құжаттарды қабылдап, дайын құжатты береді. Ал, көлік құралдарын тіркеу мен жүргізуші куәліктерін әзірлеумен жол полициясы қызметкерлері айналысады.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓