Күн тәртібінде – кондоминиум
"Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы" КММ "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Байтұрсынов көшесі №23 үй ауласында үй-жай, меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізді.
Күн тәртібінде кондоминиум объектісін заңды тұлға ретінде тіркеу, кондоминиум объектілерінің басқару нысандары, кондоминиум жалпы мүлігіне терможаңғырту элементтерімен күр-делі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселелер қаралды.
– Ортақ үлестерін күрделі жөндеуден өткізу үшін тұрғындар ең алдымен өздерінің сенімді өкілдерін сайлап алуы қажет. Сенімді өкіл қажетті құжаттарды жинастырып, кондоминиум нысанын "Әділет" басқармасына тіркетеді. Заңды күші бар жүйені бірлесіп жүргізуге біз әзірміз, – дейді аталған бөлімнің заңгер маманы Айнаш Назарқызы.
Терможаңғыртудың тиімділігі зор. Биыл қалада 11 нысан күрделі жөндеуден өтуде. Ал, алдағы жылға 35 көппәтерлі үй тіркеледі деп жоспарлануда.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.