Жаңа бисквит цехы ашылды
Қостанай облысына іссапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі байырғы кәсіпорын – «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасында болып, таяуда ашылған бисквит цехының жұмысымен танысты.


– Цехты ашуға 3,6 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Құрал-жабдықтарымыз да қазіргі заманауи үлгіде. Жұмыс орнында 45 адам қызмет істейді. Жоғары сапалы вафли, печенье және бисквит өнімдерін шығарамыз,– деді кәсіпорын басшысы Тимур Садықов.



Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков