Сенат депутаты сайланды
Қостанай облысында өткен Сенат депутатын сайлауда Жеңіс Нұрғалиев жеңіске жетті. Қатысушы үміткерлерге облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары дауыс берген болатын. Бұған дейін жазғанымыздай, бір орынға облыстан үш үміткер болған еді. Олар – ҚМУ-дің ғылым жөніндегі проректоры Жеңіс Жарылғасов, "Атамекен-Дос" ЖШС директоры Асқар Жабаев және экс-сенатор Жеңіс Нұрғалиев.
Сайлау науқаны, шамамен, бір сағатқа созылды. Дауыс берудің қорытындысын облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова жария етті. Ол айтқан мәліметке сүйенсек, Асқар Жабаев 18, Жеңіс Жарылғасов 22, Жеңіс Нұрғалиев 256 дауыс жинаған.
Бұл сайлауға Ресейден келген бақылаушылар да аз-кем өз пікірін білдірген-ді.
Владимир Зворыгин, Магнитогор қаласының аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Халықаралық бақылаушы ретінде алғаш рет келіп отырмын. Бұл науқанның өзге елде қалай жүретіні мен үшін өте қызық болды. Сондықтан барлығын мұқият қадағаладым. Дауыс беру және санау жүйесі сіздердің заңдарыңызға сай өтті. Ең басты айырмашылық, бізде мұндай сайлау жоқ. Бізде жалпыхалықтық сайлау ғана бар. Тағы бір өзгешелік, ол сайлау бюллетендерінде. Ресейде егер жоғарғы оң жақ бұрышында сайлау комиссиясы өкілінің екі бірдей қолы керек, сіздерде бұл жеңілдетілген, төменде бір-ақ белгі болса болды.

Сергей Губин, Челбяі қаласы әкімшілігінің ұйымдастыру және бақылау жұмысы басқармасының басшысы:
