Кадрлық резервке құжат қабылдау басталды
«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында аймақтық партиялық кадрлық резервке құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов кезекті брифингте хабарлады.30 маусымда аймақтық партиялық кадрлық резервті қосымша қалыптастыру мақсатында құжаттарды қабылдау жұмысы басталды. Бірінші кезеңде іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар облыстық филиалда жинақталады. Екінші кезең – тестілеу. Бұл кезеңнің тапсырмалары ҚР Конституциясы, партияның сайлауалды бағдарламасы, Жарғы, доктрина, партияның 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сияқты мемлекеттік маңызы бар құжаттардың негізінде дайындалған. Тестілеуден сүрінбей өткен тұлғалар сұхбаттасу кезеңіне жіберіледі. Сұхбаттасу шаралары облыстық филиал басшылығының қатысуымен өтеді. Осы талаптардан өткен кандидаттардың құжаттары партияның орталық аппаратына жіберілмек.Бұған дейін Қостанай облысында аймақтық кадрлық резервтің құрамына 254 кандидат іріктелген еді. Соның 117-сі әйел.
Қосымша резервті қалыптастыру үдерісі 2,5 ай бойы 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Кандидаттар 2 резервке – аймақтық және аудандық резервтерге іріктеледі. Аудандық резервке ұсынылатын кандидат кем дегенде 1 жыл партия мүшелігінде болуы тиіс. Сондай-ақ, жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл, жоғары білімді, партиялық бағыттар бойынша сіңірген еңбегі болуы тиіс. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасаушы тәртіптік теріс қылықтарының, алып тасталмаған партиялық жазаларының болмауы жөніндегі талаптар барлық деңгейлер үшін міндетті.
-Әр резервист нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оны алғашқы жарты жылдықта жүзеге асырады. Резервтегі партия мүшесі партия жанындағы саяси мектептің біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, семинарларға қатысады. Осылайша, әр резервист өзінің біліктілігін арттырып, нақты жұмыстарды іске асырады. Бүгінде барлық деңгейдегі мәслихаттардағы бос орынға партиялық кадрлық резервтен сайланады. Бұл – кадрлық резервтің зор мүмкіндігін көрсетеді,-деді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов.
Республикалық резерв 2018 жылдың басында қалыптастырылады. Оған республика бойынша 100 адам іріктеледі. Әр аймақтан ұсынылатын кандидаттардың саны 3 адамнан аспайды.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.