Облыс әкімі қостанайлықтарға алғыс айтты
Облыс әкімі Нұралы Садуақасов шаһардағы кәріз коллекторындағы ірі апат барысында түсіністік танытқан тұрғындарға алғыс білдірді.

-Қазіргі уақытта апаттың алдын алдық. Ендігісі қалалық әкімдік пен коммуналдық қызмет мамандары апаттың туындау себебін анықтауы тиіс. Апатқа құбырлардың ескіруімен қатар ауа температурасының күрт төмендеуі де себеп болғаны анық. Сондықтан бүгіннен бастап мұндай апатты болдырмауды ойлауымыз керек. Ол үшін нақты жоспар қажет,-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Қымбат Досжанова