Өңірімізге жұмыс сапарымен ҚР ішкі істер министрі келді
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау мен түсіндіру тобының жетекшісі ретінде Қостанай облысында болды.




Министр Елбасы Жолдауында аталып өткен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципі де полиция қызметкерлерінің жете назарында екенін атап өтті. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылыққа, бұзақылыққа жол бермеуіміз, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.

Мұнан кейін министр «Соколов-Сарыбай» кен байыту өндірістік бірлестігінде болып, ондағы жұмыскерлер жүздесті. Еңбек ұжымымен кездесу барысында министр Қ.Қасымов жалпы ішкі істер органдарындағы реформалау мәселесіне қатысты сауалдарға толыққанды жауап берді.
Қалмұханбет Қасымов жұмыс сапарының соңында «Нұр Отан» партиясы ғимаратында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Азаматтардың көкейтесті жеке мәселелерін шешу бойынша оларды қарастыру Қостанай облысы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Тілеген Мәткеновке тапсырылды, сонымен қатар, кейбір мәселерді шешу барысын министр жеке бақылауына алды.
Шұға Аңсаған
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков