Көкөніс орнына көкнар еккен
1 маусымынан бастап Қостанай облысы аумағында «Көкнәр – 2017» шұғыл алдын алу шарасы басталған болатын. Соның нәтижесінде көптеген қылмыстық істер ашылды. Мысалы, маусым айының он алтысы күні Қамысты ауданының 34 жасар тұрғыны құқық қорғаушылардың құрығына ілінді. Ол өз ауласында 98 түп жабайы марихуана өсіріп келген. Қазіргі күні заң бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Есірткі таратудың алдын алуға бағытталған «Көкнәр-2017» шарасы осы жылдың 30-шы қазанына дейін жалғасады деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің өкілдері.