“Алау” арнасында – жаңа басшы

Аймақтық "Алау" арнасына жаңа басшы тағайындалды. Ол – Қостанай өңіріне белгілі тілші Игорь Нидерер. NmtTAOOXoS4"Арай-Холдинг" ЖШС-нің директоры Виктор Сложенков арнаның бұрынғы басшысы Екатерина Тутоваға алғысын білдіріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Тутова журналистика саласында 18 жыл еңбек еткен, соңғы үш жыл ішінде "Алау" телерадио компаниясының дамуына, жаңалықтар жеделдігіне айрықша үлес қосты. Көрермендерге Екатерина Назарова есімімен танылған ол көршілес Ресейге қоныс аударғанына байланысты қызметін босатқан. 
Ал, жаңа менеджер Игорь Нидерер бұл салада 17 жыл тер төккен. Бұған дейін Республикалық "Хабар" телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓