Жылан шаққан

Қостанай облыстық балалар ауруханасына жылан шаққан екі бала түскен, бұл тек бір аптаның ішінде тіркелген оқиға, деп хабарлайды ҚазАқпарат. жыланДәрігерлердің айтуынша, бұдан бұрын мұндай оқиға сирек тіркелген. Екі зардап шегуші де ауылдық жерде тұратын бүлдіршіндер. Қазір облыстық балалар ауруханасында тек бір бала дәрігерлердің бақылауында. Қостанай облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Мирас Елжасовтың айтуынша, бұл өңірдегі жыланның уы ауыр аллергиялық әсер тудырады. Кейін олар дәрігерлердің жіті бақылауында болады.
Еске салайық, Қарабалық ауданының тұрғындары бұрын жыландардың аулаларға кіріп кететінін айтып, шағымданған еді. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓