Ришатқа іздеу салынады
24 маусым күні Қостанай қаласындағы КСК Садовод-Строитель саяжайында 10 жасар Ришат Харикоглу жоғалып кетті.
Ол тәтесіне қонаққа барған. Шамамен, 12.00 кезінде балалармен ойнап жүрген. Туысы Иннаның айтуынша, балалар тарап кетіп, ол өзі жалғыз қалған. Анасына қоңырау шалып, амандығын білдірген. Ал оны тамақтануға шақырғанда жақын маңайда болмай шыққан. Туған-туыс дереу полицияның нөмірін тереді. Әлдекімдер белгілері бойынша оның Киевский ауылындаң бір дүкен маңында жүргенін хабарлаған. 40 минуттан соң алып-ұшып барғанда баланың ізі болмаған. Ришатқа іздеу салығаныл екі күн өтті. Оның үстінде көк түсті спорттық костюм болған.
Қандай да бір хабары бар адамдарға 102 немесе 8-747-479-42-81 нөміріне қоңырау шалу сұралады.