Жағажай бақылауға алынды

Қазір – қостанайлық құтқарушылардың жұмысы қызған тұс. Олар жағажайдағы шомылушыларды тыстай бақылап қана отырған жоқ, келеңсіз оқиғаларға жол бермеу үшін демалушыларға судағы қауіпсіздік тәртібін түсіндіріп, парақшалар таратып, профилактикалық рейдтер жүргізуде. Естеріңізде болса, былтырғы жылдан бастап судан құтқару станциялары жұмыстарын тоқтатқан.1-52
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, суда-құтқару қызметінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге Тобыл өзенінің арнасында орналасқан қауіпті суға шомылу орындарын аралады. Рейд барысында құтқарушылар мен полицейлер жағажайдың қасында үлкендердің қарауынсыз қалған балаларға баса назар бөлді. Жасөспірімдермен де әңгіме өткізілді. Қостанай суда-құтқару қызметінің басшысы Арон Байғожинның айтуынша, Қостанай қаласының шекарасында бірнеше қауіпті жағажайлар бар. Олар – Гагарин бөгеті мен КЖБИ аумағындағы өзен арнасы. Осы орындарда адамдардың қаза болу оқиғалары көп тіркеледі. Суға шомылуға тыйым салынған орындарда құтқарушылар ескерту белгілерін орнатты.
Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу керектігі туралы кезекті мәрте ескертеді. Қостанай қаласы ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты Г.Жолбарысованың айтуынша, орталық қалалық жағажайда, сонымен бірге «Махито» және «Ақ шаңырақ» жеке меншік аумағында шомылуға рұқсат берілген. Қала бойынша шомылуға тыйым салынатын белгі 5 жерге орнатылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓