СУРЕТТЕР СЫР ШЕРТЕДІ…
Әр сурет – бір тарих. Әр сурет – келмеске кеткен күндердің ескірмейтін естелігі, мәңгілік мезет. Әр сурет – мазмұнына қарай құнды, құндылығына байланысты өміршең!.. 95 жылдық тарихы бар газетіміздің қамбасы қазынаға бергісіз суреттерге бай. М.Сералин мен Б.Майлин ашқан "Ауыл" "Қостанай таңына" айналғанға дейін алмағайып алуан кезең алмасты, сансыз оқиғалар осы басылым беттерінде сайрады, талай тұлғаның тарихқа аты қашалды. Міне, солардың бәрі редакцияның жадында сақтаулы. Қатпарлы мұрағаты тұнған – өңірдің өткені, облыстың кешегі тыныс-тіршілігінің көріністері… Құрметті оқырман, бүгін қарт басылымның туған күні қарсаңында сізбен бірге, шама-шарқымызша, қоржынды ақтарып көруді жөн таныдық. Барлығымен бірдей танысуға уақыт жетпейді, бір шола өтсек те пейіл. Сонымен, сіз бен біз сыршыл суреттер әлеміне аздаған сапар жасайық (Авторлары – редакцияда әр жылдары қызмет еткен фототілшілер) :
(Солдан оңға қарай: Газет редакторының орынбасары болған Сапабек Әсіп, қаламгерлер Сырбай Мәуленов, Әбіш Кекілбаев, Ақылбек Шаяхмет Ахмет Байтұрсыновтың туған жері Ақкөлде).
(Қазақтың Ғафуы мен Сырбайы бастаған тұлғалар емен-жарқын әңгіме құрып отыр)
(Ақындар – Сапаржан Темірбаев, Шаймағамбет Торышев, Жолбарыс Баязид, Сейфолла Шайынғазин, Әсия Беркенова, Ақылбек Шаяхмет, Тоғайбай Бабыров Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында)
(Елбасы Н.Назарбаев және сол кездегі Қостанай облысы әкімі Т.Қадамбаев егін алқабында)
(Ахмет Байтұрсыновтың немересі ұлт көсемі атындағы ҚМУ-де қонақта)
(Ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 80 жыл толуына орай өткен шарадан көрініс. 2008 жыл)
(Елбасы Н.Назарбаев Қостанайға іссапармен келді. 2005 жыл)
(Алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың басында)
…ЖӘНЕ
Әзірлеген Ж.Жүсіпбек