Мереке күндері 44 қылмыс тіркелді

Өткен мереке күндері полиция қызметкерлері 28 қылмыстың ізін суытпай ашты. Осы аралықта барлығы 44 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінде өткен брифингте Қостанай облысы ПД штаб бөлімінің аға инспекторы Руслан Субочев хабарлайды.
5 наурызда Қостанай қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен тонау дерегі ашылды. Сағат 13.00 шамасында Дулатов көшесінде белгісіз тұлға күш қолдана отырып, 62 жастағы ер адамның алтын алқасы мен білезігін шешіп алған. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдіктінің белгілерін сипаттап берді. Бірден барлық кезекшілікте жүрген патрульдерге хабар берілді. Сол көшедегі бейнебақылау инспекторы сипаттамаға сәйкес келетін адамды тапты. Оны кезекшілікте жүрген полицейлер қолға түсіріп, ұрланған бағалы бұйымдар тәркіленіп алынды.
Сондай-ақ, 5 наурызда Чернышевский көшесінде белгісіз біреулер ашылмаған көліктен 6 тәтті нанды ұрлап кеткен. Жүргізуші супермаркетке тәтті өнімдер әкелген. Тасып жұрген кезде оның алтауы жоғалып кеткен. 40 жастағы күдіктіні жаяу полиция патрульдері дереу құрықтады. Ұрланған тағамдар иесіне қайтарылды.
Облыста өткен демалыс күндері өліммен аяқталған 2 жол апаты тіркелді.
5 наурызда Оқатқан кенті маңындағы «Қостанай-Мамлютка» автожолының 230 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. 60 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды.
6 наурызда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолының 123 шақырымында «Хонда Одиссей» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарама-қарсы жүріп келе жатқан «Volkswagen» автокөлігімен соқтығысып қалды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан «Хонда Одиссей» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін бұзған 967 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 23-і мас күйінде көлік жүргізген, сондай-ақ 1 жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны үшін ұсталды.
Бейнебақылау камераларының көмегімен 487 құқық бұзушылық анықталып, оның жол-көлік ережесін бұзғаны үшін 339 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық орында мас күйінде жүрген және алкогольді ішімдік ішкені үшін 98 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓