Әскери қызметкерге қатысты үкім шықты
Қостанай гарнизоны әскери соты ел шекарасынан рұқсатсыз шыққан И.Столярға қатысты үкім шығарды.

Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне қатты өкінетіндігін жеткізді. Жасаған кінәсін мойындағандықтан әрі кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бар екендігін ескерген сот оның жазасын жеңілдетіп, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (370 мың) айыппұл төлеуге үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қарлығаш Оспанова
Суретте: айыпталушы И.Столяр.
Суретті түсірген А.Жүзбай.