Жүрегі жомарт жан
Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы Аманкелді ауданы Қарасу ауыл тұрғындары үшін ерекше ай болды. Ауылымызда намазхана ашылғаннан бері ораза ұстаушы жамағаттың қатары көбеюде. Тарауих намазына, жұма намазына келушілер де арта түсті.

Осындай ауыл тұрғындарының жүрегі жомарт ағамызға алғысы шексіз. Алла Тағала Нұрлан бауырымыздың отбасына амандық, деніне саулық берсін! Келесі жылғы Рамазан айына аман-есен жетуді Алла Тағала нәсіп еткей! – деп хабарлайды ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі.