13 жасар қызға оқ атты

 

Қостанайда әлдебір жігіт 13 жасар қыздың көзіне қасақана оқ атты. Жапа шегуші қазіргі уақытта ауруханада, ал күдіктіге іздеу жарияланды.  Бұл туралы "НК" хабарлайды.пистолет
Оқиға шілденің 5-і күні сағат 22.00-де Алтынсарин көшесінде болған. 16 жастағы жігіт кәмелетке келмеген қызға оқ атып, қылмыс орнынан тайып тұрған. Осы уақытқа дейін күдіктіні іздеу амалдары жалғасуда. Аталмыш дерекке қатысты ҚР КҚ 106 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Жәбірленуші жатқызылған офтальмологиялық аурухананың дәрігерлері алдын ала қандай да бір мәлімдеме беруден бас тартып отыр. Дей тұрғанмен жарақаттың айтарлықтай ауыр екенін, жас қызға емделу курсы белгіленгенін айтты. Көру мүмкіншілігінің қалыпқа келу-келмеуі туралы сөз қозғалған жоқ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓