Жаңалықтың желі әр күн еседі

"Қостанай таңы" жыр мүшәйрасының жеңімпаздарыIMG_4973цв
Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлық
Әсия Беркенова,
Қазақстанның  Халық ақыны
 
 
Жаңалықтың желі әр күн еседі,
Шенділердің әркез түзу есебі.
"Жазғыш ақын" болып кетті бүгінде
"Әу" деп ауыз ашпайтындар кешегі.
 
Дастарханда құрт болмайды  малтамен,
"Таң қалады" талапты елге  жарты әлем.
Үйренгендер басын иіп байлыққа,
Беделіңді безбендейді қалтамен.
 
Өзіңді еске аламыз ғой "жиі" аға,
Бар өзгеріс бір кеңеске сия ма?
Онжылдықтың жаңалығын   тізерміз,
130-ға толғаныңда, Би-аға!
 
P.S.
Тегіміз бек, талапты да зейінді ек,
Қоғам көші қалмау үшін кейіндеп,
Қаламының айнасымен көрсетер,
Әр заманға керек, сірә, Бейімбет.

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓